Алакөл ауданының №2 аудандық сотында кеңсе мамандарымен жиналыс өткізілді

Алакөл ауданының №2 аудандық сотында кеңсе мамандарымен жиналыс  өткізілді

Алакөл ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Б.Ордашеваның бастамасымен  сот қызметкерлері арасында шұғыл жиналыс өткізілді. Оның барысында - қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сот отырыстарын  онлайн режимінде«WhatsАpp» мессенджері және «TrueConf» бағдармасы арқылы өткізілуі керектігі, сот кеңсесіне арыздар мен  өтінішхаттар және де  басқа құжаттарды «Сот кабинеті» арқылы электронды түде қабылдау керектігі айтылды.

Сонымен қатар, қызметкерлердің телефон байланыс арқылы тараптармен сөлейлесу кезінде этикалық нормаларды сақтауды, хабарламаларды тараптарға уақытылы жолдауды, сот  актілерін заңда көрсетілген мерзімде орындауға жіберуді, сот отырысын уақтылы басталуын және еңбек тәртібін қатаң түрде сақтау керек екенін, міндеттерді абыроймен, сапалы орындауға, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға, ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болу керетігі айтылды.

«Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарға және жалпы жұртшылық таныған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мүлтіксіз сақтауға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсылық білдіруге және қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік мақсатында қолдануға жол бермеуге, заңнамалар принциптерін басшылыққа алатын мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқының стандартына да  тоқталып өтті.

             Алакөл ауданының №2 аудандық  сотының баспасөз қызметі