“Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік” атты форум өтті

“Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік” атты форум өтті

“Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік” атты форум өтті

Бүгін Алакөл ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында гендерлік теңдік идеяларын ілгерілету, жұмысшы мамандықтағы әйелдерді қолдау, олардың қоғамдағы рөлін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін және жеке әлеуетін дамытуға бағытталған “Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік” тақырыбында форум өтті.

Форумға құқық қорғау органдары, аудандық сот өкілдері, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және аудандағы белсенді 100-ге жуық әйел азаматтар қатысты.

Ауқымды өткен жиынның шымылдығын “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының құрылымдық бөлім басшысы Алмат Есенбеков ашып, форумның мақсат-міндетіне тоқталып өтті.

Қатысушы әйел азаматтарға Алакөл аудандық сотының төрағасы Эльмира Асубаева “Әйел және заң: гендерлік теңдік және құқықтық қорғау” тақырыбында баяндама оқыды.

Сондай-ақ, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Ұлжалғас Дүйсебаева “Әйел және қоғам: отбасыдағы ана рөлі”, Алакөл ауданының «№5 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Толқын Мұқашева “Әйел психологиясы: отбасыдағы жылулықты сақтау жолы” және Алакөл ауданының АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКТ-ның аға инспекторы полиция майоры, Марина Старкова “Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыптарында баяндама оқып, “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Жиын соңында отбасылық құндылықтарды насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу мақсатында орталықпен тығыз қарым-қатынасты жұмыс істеп жүрген бірқатар ауданымыздың белсенді әйел азаматшаларына “Құрмет грамотасы” табысталды.

Жиынға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, көкейтесті сауалдарын қойып, спикерлерімізден тұшымды жауап алды.