Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетісу облысы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Мәдениетті ана – тәрбиелі ұрпақтың бастауы» тақырыбында жас келіндермен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Дюсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы отбасы құндылықтарының маңызы туралы мазмұнды баяндама жасады.
Ал Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Саятова БаршагҮл Ахатқызы жас келіндердің денсаулығына қатысты маңызды мәселелерді қозғап, қатысушыларға құнды ақпарат берді.

Кездесу барысында Жетісу облыстық полиция департаментінің кинолог мамандары есірткіге қарсы бағытталған арнайы көрініс ұсынып, жастардың қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Жетісу облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен ҚХА жанындағы Жетісу облыстық Аналар кеңесінің жылдық қорытынды жиыны өтті.
Жыл қорытындысы бойынша Алакөл аудандық Аналар кеңесі “Үздік кеңес” атанып, төрайымы Ұ. Дюсебаеваға арнайы статуэтка, құрмет грамотасы және ақшалай сыйлық табысталды.