
Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті
2025 жылғы 10 қараша күні Алакөл ауданының әкімі А. Абдинов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында 10 азаматтың өтініш-тілектері тыңдалып, әрқайсысына нақты жауаптар берілді.
Азаматтар негізінен әлеуметтік көмек, тұрғын үй және жер мәселелерін көтерді. Әрбір өтініс мұқият қаралып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Кейбір мәселелер сол мезетте шешімін тауып, тұрғындар ризашылықтарын білдірді.
Аудан әкімі көтерілген сұрақтардың барлығын өз бақылауына алып, олардың орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.
Бұл қабылдау – тұрғындардың талап-тілегіне дер кезінде назар аударып, олардың мәселелерін шешуге бағытталған нақты жұмыстың көрінісі болды.