
Алакөл ардагер волейболшылары — күміс жүлдегер!
Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылға арналған жоспары аясында 5–7 қараша күндері Үштөбе қаласында 40 жастан жоғары ерлер арасындағы күзгі облыстық чемпионат өтті.
Алакөл ауданынан капитан Шалқар Әмірәлинов бастаған ардагерлер командасы қатысып, жоғары деңгейде ойын көрсетті. Команда құрамында: Арчабаев Шыңғыс, Жапарғалиев Мақсат, Жапарғалиев Айдар, Керімбаев Мақсат, Тұрсынбаев Ермек, Боранбаев Қуаныш.
Алакөл құрамасы Панфилов ауданын 2:1, Текелі қаласын 2:0, Сарқанд ауданын 2:0 есебімен ұтып, ақтық сында қайта Панфилов командасымен тартысты ойын өткізіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Бұл — өткен жылмен салыстырғанда жоғары нәтиже.
Жеңістеріңіз құтты болсын, ардагерлер! Келесі 2026 жылдың көктемгі чемпионатында жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!