Алакөл ауданында Статистика күнінің 105 жылдығына арналған қабылдау өтті

Алакөл ауданында Статистика күнінің 105 жылдығына арналған қабылдау өтті

Алакөл ауданында Статистика күнінің 105 жылдығына арналған қабылдау өтті

7 қараша күні Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеубекұлы Төлеужановтың төрағалығымен Статистика күніне арналған мерекелік қабылдау өтті.

Шара барысында аудандық статистика бөлімінің қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, кәсіби мерекелерімен құттықтаулар айтылды. Мәулен Төлеубекұлы статистика саласының қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, сала мамандарының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Кездесу соңында бірқатар қызметкерлер мен ардагерлерге адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Өз кезегінде сала өкілдері көрсетілген ілтипат үшін ризашылықтарын білдірді.