
Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдиновтің Қайнар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі Қайнар ауылында өтті.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2025 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен баяндалды. Әкім өз сөзінде ауылдық округтегі жүзеге асқан жобалар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, ауылды дамытуға қатысты ойларымен бөлісті. Аудан әкімі көтерілген ұсыныстардың назарға алынатынын және оларды іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.