Достық ауылында жаңа «Келешек мектебі» ашылды!

Достық ауылында жаңа «Келешек мектебі» ашылды!

Достық ауылында жаңа «Келешек мектебі» ашылды!

«Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған 600 орынды «Достық орта мектебі» өз есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысып, мектеп директорына оқушыларды тасымалдауға арналған жаңа автобустың кілтін табыстады.

Құны 4,7 млрд теңге болатын заманауи білім ордасы соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Мұнда 58 мұғалім еңбек етуде, ал 640 оқушы жаңа мектепте білім алуды бастап кетті.
Робототехника, химия, физика, биология және информатика кабинеттері заманауи технологиялармен қамтылған.
Мектеп директоры Айнагүл Тезекбайқызының айтуынша, оқу орны көптілді білім беру мен шығармашылық дамуға бағытталған.
«Келешек мектебі» — білімнің жаңа кезеңі, болашаққа нық қадам!