
Үшарал қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
2025 жылдың 1 қарашасында Үшарал қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімдігі мен мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдары белсене қатысты.
Сенбілік барысында «Этно-ауыл» паркінің аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, барлығы 535 түп ағаш отырғызылды. Егілген ағаштардың қатарында шырша, терек, сирень, алма, аморфа және өзге де сәндік түрлер бар.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасын қолдау болып табылады.
Абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.