ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужановтың төрағалығымен Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған мерекелік қабылдау өтті.

Іс-шараға ауданның әлеуметтік сала қызметкерлері, мекеме басшылары мен ардагерлер қатысты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамның әлсіз топтарын қорғау мен тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріне жоғары баға берді.

Өз сөзінде ол:

«Адамның өмір сапасы мен қоғамның тұрақтылығы ең алдымен әлеуметтік саясаттың тиімді жүзеге асуына байланысты. Осы жауапты салада еңбек етіп жүрген Сіздердің еңбектеріңіз – мейірім мен кәсіби адалдықтың айқын көрінісі», – деп атап өтті.

Аудан бойынша әлеуметтік қолдау бағытында қызмет атқарып отырған мекемелердің жұмысы атап өтілді. Атап айтқанда, Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Мансап орталығы, «Жансая» оңалту орталығы, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы және «Шуақ» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тұрғындарға жүйелі көмек көрсетіп, қоғамдағы өзара қамқорлық пен бірлікті нығайтуға үлес қосып келеді.

Іс-шара соңында әлеуметтік сала қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Сонымен қатар, мекеме басшылары өз әріптестерін мерекемен құттықтап, әлеуметтік сала қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.