«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы

 

2025 жылдың 31 қазаны Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы ұйымдастырылатын болады.

Акция шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел және білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында кез келген азамат тегін қажетті консультация ала алады.

Акцияның өтетін мекен-жай: Үшарал қаласы, Д.Қонаев көшесі, 74Б, «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалы ғимаратының 1-қабаты. Басталуы сағат 15:00.

Екінші мекен-жай: Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 90, Бұлақты мәдениет үйі ғимаратының 1- қабаты. Басталуы сағат 15:00.