Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Республика күніне арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ресми көтеру рәсімімен басталып, Әнұран орындалды.

Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов тұрғындарды мерекемен құттықтап, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға Мемлекет басшысының, облыс және аудан әкімінің атынан марапаттар мен алғыс хаттар табыстады.

Марапат иелерінің қатарында әр салада адал еңбегімен көзге түскен аудан азаматтары болды.
Бұл игі дәстүр — ел еңбегін бағалау мен патриоттық рухты дәріптеудің айғағы.

Салтанатты жиын соңында «Алатау әуендері» концерттік ұйымының жаңа форматтағы мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.