АУДАНЫМЫЗДА ҚОС ҚУАНЫШ

АУДАНЫМЫЗДА ҚОС ҚУАНЫШ

АУДАНЫМЫЗДА ҚОС ҚУАНЫШ

Республика күні қарсаңында Алакөл ауданында ерекше қуанышты оқиға орын алды. 21 қазан күні Үшбұлақ және Қызылқайың ауылдарында жаңа блок-модульдік медициналық пункттер салтанатты түрде ашылды.

Заманауи талаптарға сай салынған бұл нысандар ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға, алғашқы медициналық көмек сапасын арттыруға және қолжетімді қызметпен қамтуға бағытталған. Медициналық пункттер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және тәулігіне 15-ке жуық адамды қабылдай алады.

Жаңа ғимараттар – ауыл өмірінің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған игі істердің бір көрінісі. Тұрғындар енді өз ауылдарында сапалы медициналық көмек алып, уақытын үнемдей алады.

Мұндай әлеуметтік нысандардың ашылуы – мемлекеттің халық игілігі жолындағы табанды еңбегінің нәтижесі.
«Халық дені сау болса – ел еңселі болады» деген сөздің айғағындай, бұл бастама аудан халқының өмір сапасын арттыруға үлкен серпін бермек.