
Алакөл ауданында әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысының мақсаты – Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында айқындалған міндеттерді кезең-кезеңімен іске асыру, отбасы институтының беделін арттыру, гендерлік теңдік қағидаттарын нығайту және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Күн тәртібінде:
– Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар;
– Қолайсыз отбасыларды анықтау және олармен жүйелі жұмысты ұйымдастырудағы білім ұйымдарының рөлі;
– Репродуктивті денсаулықты қорғау және ерте, қаламаған жүктіліктің, сондай-ақ ЖЖБИ/АИТВ инфекцияларының алдын алу шаралары;
– Ауылдық округтердегі мобильді топтардың жұмысы мәселелері қаралды.
Отырыс барысында қатысушылар аталған бағыттар бойынша баяндама жасап, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады. Нәтижесінде тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік осал және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі, сондай-ақ, 21-23 қазан аралығында аудан аумағында “Сіздің құқығыңыз қорғалады” атты акцияның басталғандығы туралы атап өтілді.