Кеңес отырысы өтті

Кеңес отырысы өтті

Аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Ауданда азаматтық қоғам институттарын дамытудың құқықтық негіздерін айқындау бүгінгі күннің басты талабы.

Азаматтық қоғам институттарының қатарына қоғамдық ұйым, ҮЕҰ және саяси партиялар кіреді.

Осы орайда, аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҮЕҰ жұмысын үйлестіру, өзара әрекеттестікті нығайту мақсатында аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын талқылау;

 Үкіметтік емес ұйымдарға арналған Консалтинг орталығының жұмысы туралы;

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылатын жұмыстар.

Жиында көтерілген барлық мәселелер кеңес мүшелерімен талқыланып, шешім қабылданды.