ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылғы 5 қыркүйекте, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне тұспа-тұс келген Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында «Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасының басталғанын хабарлаған болатын.
Осы бастама аясында 10 қазан күні Алакөл ауданы бойынша 102 адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, бұқаралық спорт, мәдениет саласының мамандары, кітапханашылар, мұғалімдер, мемлекеттік кірістер басқармасы, сондай-ақ “Alakol jastary” жастар ұйымының мүшелері белсенді түрде атсалысты.
Сондай-ақ 14 қазан күні Үшарал шекара басқармасынан 120 сарбаз осы ұлттық жобаға қатысты.

Аталған игі шара Жетісу облысы бойынша 13–18 қазан аралығында өткізілуде.
Ұйымдастырушы – Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.
Жалпы облыс көлемінде бұл акцияға шамамен 1500 адамды қамту жоспарланған.
Қазіргі таңда облыстың барлық аудан және қала мекемелерінде «Ұлттық диктант» жазу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.