Бүгін аудан әкімі Ә.Жақанбаев барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, аудан тұрғындарының өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үй, білім, жұмысқа орналасу, жер, несие мәселелері бойынша жүгінді.
Аудан әкімі өз тарапынан тұрғындардың өтініштерін жете қарап, Заң аясында жауап беріп, тиісті бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар берді.
Қабылдауға барлығы 15 тұрғын келді.