Онлайн-конкурс «Гендерлік сезімтал басшы»

Онлайн-конкурс     «Гендерлік сезімтал басшы»

Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы негізінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, «Қоғамдық келісімді нығайту және Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға» бағытталған шараларды өткізу жоспарына сәйкес, «Алакөл Экосистема» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық З. Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде марапаттау рәсімі өткізілді.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары А. Абдинов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға алғыс хаттар табыстады.
Байқау қорытындысы бойынша «Гендерлік сезімтал басшы» онлайн байқауында бас жүлдені аудандық білім бөлімінің басшысы М. Төлеужанов, І орынды — аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Л. Қосантаева, ІІ орын — Екпінді ауылдық округінің әкімі Ә. Қыстаубаев, жүлделі ІІІ орынды жеке кәсіпкер Н. Адикова, Алакөл гуманитарлық- техникалық колледжінің директоры А. Ибраимов, М. Төлебаев атындағы ОМ директоры С.Садиевалар жеңіп алса, номинацияны аудандық орталық аурухана директоры А. Бутабаев, Бұлақты ОМ директоры Г. Наурызбаева мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Садирбекова иеленді.