Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды жоба – жаңа қосалқы станция мен жоғары кернеулі желілердің ашылуы сәтті өтті

Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды жоба – жаңа қосалқы станция мен жоғары кернеулі желілердің ашылуы сәтті өтті

Ауданымызда жаңа энергетикалық нысан ашылды

Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды жоба – жаңа қосалқы станция мен жоғары кернеулі желілердің ашылуы сәтті өтті. Бұл шара аудан тұрғындары мен сала мамандары үшін ерекше мәнге ие.

Бескөл қосалқы станциясында бір ұяшық кеңейтіліп, Ақши ауылында қуаты 2х16 МВт жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Ақши–Көктұма (15 км) және Көктұма–Достық (96 км) 110 кВ әуе желілері іске қосылды.

Жаңа нысандар ауданның электрмен жабдықтау сапасын арттырумен қатар, туризм мен инфрақұрылымның дамуына да елеулі серпін береді. Бұл жобалар тұрақты және сенімді электр қуатын жеткізуге, сондай-ақ өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: «Энергетика – ел экономикасының күретамыры. Біз отандық өндірісті дамытып, электр желілерін жаңғыртуға басымдық береміз» – деп атап өтті. Бүгінгі ашылған нысандар – осы саясаттың нақты көрінісі болып табылады.

Жобаның басым бөлігі қазақстандық өнімдерден құралған. Бұл – отандық кәсіпорындарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті экономиканы дамытуға үлкен мүмкіндік. Құрылыс-монтаж жұмыстары «Институт Энергия», «АСПМК-519», «Метакон», «Темірбетон», «Кентау трансформатор зауыты» және басқа да жауапты мекемелердің жоғары деңгейлі еңбегімен жүзеге асырылды.

Бұл жетістік – мемлекетіміздің қолдауы мен мердігер ұйымдардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Жаңа энергетикалық нысандар аудан тұрғындарына қызмет етіп, Алакөл ауданының дамуына елеулі серпін беруге бағытталған.