Алакөл ауданында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күні аталып өтті

Алакөл ауданында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күні аталып өтті

Алакөл ауданында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күні аталып өтті

2025 жылғы 15 қыркүйекте Алакөл ауданында алғаш рет «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күніне» орай мерекелік қабылдау өткізілді.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мәулен Төлеубекұлы Төлеужанов төрағалық етіп, сала қызметкерлеріне аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстады.

Өз сөзінде Мәулен Төлеубекұлы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып:

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық амандығын сақтау – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Сіздердің табанды еңбектеріңіз – тұрғындардың денсаулығы мен ел болашағының кепілі», – деп атап өтті.

Жиын барысында:

  • Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары,
  • Үшарал обаға қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері,
  • Аудандық бактериологиялық және паразитологиялық зертхананың қызметкерлері еңбектері үшін марапатталды.

Сонымен қатар, сала ардагерлерінің үлесі ерекше атап өтіліп, жас мамандардың жаңашылдыққа негізделген жұмыстары жоғары бағаланды.

Шара соңында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына денсаулық, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық пен береке тілінді.