Республика аумағында «УЧАСКЕ» жедел-профилактикалық
іс-шарасы өткізілуде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты И. Лепеханың 2025 жылғы шілде айының 29 күнгі шығыс № 1-5-5-2-40/3766-И санды нұсқауына сәйкес, Республика аумағында 2025 жылдың қыркүйек айының 01-нен қараша айының 01-не дейін «Учаске» ЖПІШ өткізілуде.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шара бойынша, Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері, Алакөл аудандық ПБ-нің ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен, Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайлары тексерілді. Іс-шара аясында сотталғандармен және олардың отбасы мүшелерімен жазасын өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзбау, сот жүктеген міндеттерін орындау, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамау сонымен қатар оны бұзғаны үшін жауаптылықтары туралы түсіндіріліп, тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілді.