ҮЕҰ – ДЫ ДАМЫТУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ЖАҢА СЕРПІН

ҮЕҰ – ДЫ ДАМЫТУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ЖАҢА СЕРПІН

ҮЕҰ – ДЫ ДАМЫТУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ЖАҢА СЕРПІН

 

2025 жылғы 3 қыркүйекте Үшарал қаласында «ҮЕҰ-ды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық форум өтті. Іс-шара Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Алакөл ауданында 2025-2027 жылдарға арналған ҮЕҰ консалтинг орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы бойынша жүзеге асырылды.

Форум Алакөл ауданы әкімінің орынбасары М.Төлеужановтың төрағалығымен өтті. Жиынға Жетісу облыстық Азаматтық Альянсының және ҮЕҰ Азаматтық орталығының басшылары, аудандық сала мамандары, жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар мен қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде ҮЕҰ қызметін тіркеу, есеп беру, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және заңнамалық өзгерістер талқыланып, әлеуметтік бастамалар мен жаңа жобалар ұсынылды.

Форум аясында бірқатар белсенді азаматтар марапатталды. Атап айтқанда:

  • «Alakol BasQaru» қорының төрайымы Нұргүл Догаманова,
  • «Назар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жадыра Нүсіпова,
  • «Игілік Алакөл» бірлестігінің төрайымы Анар Түктібаева – әлеуметтік белсенділігі мен жобалардағы жетістіктері үшін грант иегері атанды.

Сонымен қатар, Бектемисова Куляра Жұмжұманқызына Қазақстанның Азаматтық Альянсы атынан азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табысталды.

Форум шеңберінде «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Қыдыралина қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына ұсынды.

Ауқымды форматта өткен бұл форум азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыруға, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы әріптестікті нығайтуға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берді.