Жетісу облысында үш жылда 590 км облыстық, 603 км ауылішілік жолдар жөнделіп, туризмнің дамуына ықпал етті

Жетісу облысында үш жылда 590 км облыстық, 603 км ауылішілік жолдар жөнделіп, туризмнің дамуына ықпал етті

Соңғы үш жылда республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал – Достық» жолдары реконструкцияланды. Соңғы жылдарда 546,3 км республикалық маңыздағы жол жөнделсе, биыл тағы 289,5 шақырым жөнделеді. Сондай-ақ 590 км облыстық, 603 км ауылішілік жолдар жөнделді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұүл ретте жол инфрақұрылымын жақсарту шаралары өңірдегі туризмнің дамуына оң ықпал етті. Атап айқтанда, Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, «Үшарал–Достық» автожолының реконструкциясы, Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жаңғыртылуы, Ақши ауылындағы кәріз желілерінің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар Ақши ауылында кәріз тазарту қондырғысының құрылысы мен қорғаныс бөгетін салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ қуаттылығы 110 кВт болатын әуе желілері мен қосалқы станцияның құрылысы аяқталуға жақын.

Балқаш көлі жайлы айтсақ, туристік-рекреациялық аймақтың бас жоспары әзірленді. «Лепсі ауылы – Балқаш көлі жағалауы» автожолының реконструкциясы аяқталды. 7,4 млрд теңгеге инженерлік инфрақұрылым салу жобасы іске асырылуда. 2025 жылдың соңына дейін «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автожолының қайта жаңғыртылуы толық аяқталуы тиіс.

- Балқаш көліне жақын ауылда тұрған соң біз Балқашқа жиі барамыз. Соңғы жылдары Балқаштың жағалауында жасалып жатқан жұмыстарды көріп жүрміз. Демалушылар үшін жайлылық аса қажет. Жол жасалды, электр жарығын, су жүйесін тартып жатыр. Бұл өз кезегінде  демалушылардың қолайлылығымен қоса жергілікті тұрғындардың да табыс табуына өзінің оң әсерін тигізеді деп ойлаймын, - Сарқан ауданының тұрғыны Мұрат Шыңғыс.

Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысына 2,2 млн турист келген, ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 7,4 млрд теңгені құрап, 60,8%-ға өскен. Биылғы жылы 2,4 млн турист келеді деп күтілуде.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды