Көктұма ауылында волейболдан аудандық ашық турнир өтті
2025 жылғы 5 тамыз күні Көктұма орта мектебінің спорт залында ерлер арасында волейболдан Алакөл ауданының ашық турнирі өтті.
Аталған спорттық іс-шара Алакөл ауданының құрметті азаматы, ұзақ жылдар бойы білім беру, мемлекеттік қызмет және спорт салаларында абыройлы еңбек еткен Бектұров Қазиер Нұғманұлының 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылды.
Турнирге ауданға қарасты ауылдық округтерден 6 команда қатысты:
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, командалар арасында тартысты әрі қызықты ойын өрбіді. Қатысушылар ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетті. Турнир салауатты өмір салтын насихаттап, ауыл жастары арасында бұқаралық спорттың дамуына үлес қосты.
Турнир қорытындысы бойынша:
Жүлдегер командалар аудан әкімдігінің арнайы дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, 1 орынға - 300 000 теңге, 2 орынға - 200 000 теңге, 3 орынға - 100 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды.
Жалпы жарысқа 80-ге жуық көрермен мен ардагер қатысты. Шара барысында турнирдің құрметіне арналған ерекше сәттердің бірі - Көктұма ауылының жастарынан құралған волейболшылар ардагер Қазиер Нұғманұлына шапан жауып, ат мінгізіп құрмет көрсетті. Бұл көрініс өскелең ұрпақтың үлкенге деген ілтипаты мен ұлттық дәстүрді бағалай білудің жарқын үлгісі болды.