Жеке қабылдау өтті

Жеке қабылдау өтті

Жеке қабылдау өтті

Aзаматтарды қабылдау орталығында аудан әкімі А.Абдиновтың аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауы өтті.

Қабылдауда тұрғын үй қорынан баспана алу, қатты отын бағасы, туризм мәселесі көтерілді. 

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу және баспана беру процесі жаңартылып, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үй кезегіне тұру өтініштері «Отбасы банк» арқылы қабылданатынын жеткізді. Бұл өзгеріс тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу және баспана беру процесін автоматтандыруға бағытталған.

Қабылдауда көтерілген барлық сауалдарға нақты жауаптар берілді. Кейбір сұрақтар бойынша өңір басшысы құзырлы мемлекеттік мекеме басшылары мен округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар беріп, жедел шешімін қажет ететін өткір мәселелерді аудан әкімі өзінің ерекше бақылауына алды.