«Цифрлық дәуірдегі кітапхана: оқырманмен жаңа форматтағы байланыс» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. 

«Цифрлық дәуірдегі кітапхана: оқырманмен жаңа форматтағы байланыс» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. 
2025 жылдың 4 шілде күні Алакөл аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірдегі кітапхана: оқырманмен жаңа форматтағы байланыс» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. 
 
Семинардың мақсаты: Цифрлық трансформация жағдайында кітапханашылардың кәсіби құзыретін арттыру, жаңа технологияларды қолдану арқылы кітапхана жұмысын жандандыру.
 
Семинарға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының бөлім басшысы  Гүлмира Қалқабаева, Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова, аудандық кітапхана директорлары мен  кітапханашылар қатысты. 
 
Шара барысында алғашқы сөз сөйлеген Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының бөлім басшысы  Г.Қалқабаева семинар жұмысына сәттілік тілеп,  Республиканың көпшілікке қол жетімді кітапханаларын жаңғыртудың 2025-2027 жылдарға арналған жол картасымен  таныстырып өтті.
 
Аудандық кітапханашылар дайындаған «Кітапхананың жаңа миссиясы: білім, технология, аудитория» атты баяндама, «QR, AR, чат-бот: кітапты жаңа әдіспен насихаттау» практикалық сессия, «Оқырман тарту жобасы: TikTok, Instagram және подкаст форматы, «Жаңа буынмен тіл табысу: коммуникация мәдениеті және BookTok феномені» атты мини тренинг өткізіп, «Ашық пікір алаңы» кітапхана ісі бойынша сұрақ жауап алмасып, тәжірибемен бөлісті. 
 
Шара соңында кітапхана директоры Ж.Омарова бүгінде кітапханалар тек ақпарат сақтайтын орын ғана емес, заманауи технологияларды пайдалана отырып, оқырмандарға кең ауқымды қызмет ұсынатын инновациялық алаңға айналу қажет екенін айтып өтті. 
 
Шараға 46 адам қатысты.