Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті
Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті.
 
Мемлекеттік қызметшілер күні – халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз ететін, ел дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерді құрметтейтін маңызды күн.
 
Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған қабылдау өткіздім.
 
Салтанатты шарада мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне толағай табыстар тіледім. Сондай-ақ, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Садирбекова Жетісу облысы әкімінің алғыс хатын, Ынталы ауылдық округінің әкімі Р.Мамырбеков және Алакөл ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы А.Қайрамбекова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының алғыс хатын табыстап, мемлекеттік қызметте мінсіз қызмет атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар мемлекеттік қызметшілерге Құрмет грамотасы мен алғыс хатпен марапаттадым.