Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту жөніндегі 2024–2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында аудан активінің отырысы өтті. 

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту жөніндегі 2024–2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында аудан активінің отырысы өтті. 

2025 жылдың 22 маусым күні Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту жөніндегі 2024–2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында аудан активінің отырысы өтті. 

Іс-шараның мақсаты – аудан көлемінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бойынша тиісті құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру болып табылады.

Аудан активіне аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, полиция бөлімінің қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және дін саласына жауапты мамандар қатысты. 

Жиынға арнайы шақырылған спикерлер – «Жетісу облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қазыкенов Даулет Серікұлы және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ислам ілімдері факультетінің Дінтану кафедрасының оқытушысы Естай Қалмұрат мырза қатысып, баяндама жасады.

Баяндамаларда дін саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары, тұжырымдама аясында көзделген бағыттар, экстремизм мен радикализмнің алдын алу шаралары кеңінен талқыланды. 

Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.