Медицина қызметкерлері күні аталып өтті
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған аудан әкімінің салтанатты қабылдау өтті.
Алакөл ауданында бүгінде 42 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді. Бұл салада 132 дәрігер мен 571 орта буын медицина қызметкері тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Аудан әкімі А.Абдинов ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, халық денсаулығы жолында атқарып жатқан қажырлы еңбектеріне алғыс білдірді.
Жиын барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен Қарлығаш ауылының медициналық пунктінің медбикесі Айжан Құмарова, «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін»
төсбелгісімен Алакөл аудандық орталық ауруханасының дәрігері Айша Рахимова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен Алакөл аудандық орталық аурухананың рентгенолог дәрігері Ұлжан Чаграева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен Алакөл ауданының педиатр дәрігері Нәйля Серікқызы марапатталды.
Сонымен қатар, ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар медицина қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.