Президенттік жастар кадр резерві – келешек көшбасшыларға мүмкіндік!

Президенттік жастар кадр резерві – келешек көшбасшыларға мүмкіндік!
Президенттік жастар кадр резерві – келешек көшбасшыларға мүмкіндік!
 
Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу тәртібі бойынша кездесу өтті. 
 
Кездесуге аудан әкімінің аппараты, аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері және жастар қатысты.
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Манап Қобылан Тоқбергенұлы арнайы келіп, «Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» бойынша жан-жақты түсіндірме жүргізді. Бұл бастама – ел болашағына жауапты жас мамандарды даярлауға бағытталған стратегиялық қадам екені атап өтілді.
 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры – Бақыт Николаевич Злобин мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттырудағы Академия рөлі, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау тәртібі жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.
 
Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резерві туралы бейнебаян көрсетіліп, қатысушылар нақты мәліметтермен танысты.
 
Мұндай іс-шаралар — мемлекеттік қызметке деген сенімді арттырып, жастарға тың серпін беретін маңызды қадам.