Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
 
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Үшарал қаласындағы орталық «Даңқ» аллеясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
 
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, Мемлекеттік Тудың биікке көтерілуі ел азаматтарының отансүйгіштік сезімін арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айшықтады.
 
Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің нышаны, халқымыздың бірлігі мен болашағына деген сенімінің символы.
 
Туымыз әрдайым көкте желбіреп, тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!