2025 жылдың 18-19 мамыр күндері 28 м/с соққан қатты желдің салдарынан Алакөл ауданы, Достық ауылындағы Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №8 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры қираған. Аталған тұрғын үй «Қазақстан Теміржолы» ҰК» АҚ-ның теңгерімінде.
«ҚТЖ-Коммуналдық Қызметтері» ЖШС-гі тарапынан Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №8 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделіп, қайта қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстарына «ҚТЖ ҰҚ» АҚ «Алматы магистралдық желі бөлімшесінен» құрылыс монтаж бригадасынан 4 қызметкер мен 1 арнайы техника жұмылдырылды.