
Наурыз айындағы мереке күндерінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы наурыз айындағы мереке күндеріне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін хабарлайды.
8 және 9 наурыз – барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.
Наурыз мерекесі:
21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері.
25 наурыз – кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді.
Азаматтарды қабылдау: 09:00–13:00.
Өзге жұмыс күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі кестеге сай жұмыс істейді.
Кезекші бөлімшелердің өзекті тізімін:
gov4c.kz сайтынан,
Instagram парақшасынан,
📞 1414 нөмірі арқылы білуге болады.