
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдени мұрасын, ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын дәріптеуге арналған.
Ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтар – ел бірлігінің, рухани тұтастығының негізі. Сондықтан бұл күні ұлттық киім кию, дәстүрлі тағамдар дайындау, ұлттық ойындар өткізу, салт-дәстүрлерді насихаттау сияқты түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады.
Мәдениет пен салт-дәстүр – халықтың рухани қазынасы, ұлттың болмысын айқындайтын басты құндылық. Осындай тағылымды шаралар арқылы өскелең ұрпақ ата-бабасының өнегесін танып, ұлттық рухты бойына сіңіреді.
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз әрдайым дәріптеле берсін!