Жыланды ауылдық округіне қарасты Жыланды ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бокстан 2013-2014 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында аудандық турнирінің ашылу рәсімі өтті. Аудандық турнир екі күнге созылып, жеңіске жеткен қатысушылар марапатталды.
Ұйымдастырушы: ауылдық бокс тренері Сұлтан Ибраимов.
Мақсаты: өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.