Таза табиғат — таза болашақтың кепілі. Бүгін Жыланды ауылдық округінде ағаш әктеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Жұмыс нәтижесінде 1000-ға жуық ағаштың діңі әктелді. Жұмыстарға 0,5 тоннадан астам әк жұмсалды.
Ағаштарды әктеу – тек көріктендіру ғана емес, өсімдіктерді зиянкестерден қорғау, олардың өміршеңдігін арттыру мақсатында атқарылатын маңызды іс-шара.