
Жыланды ауылдық округінде Орман шаруашылығы мекемесімен бірлесіп, арнайы мамандардың қатысуымен экологиялық бағыттағы маңызды жиын өткізілді. Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиын барысында мамандар табиғатты қорғаудың маңыздылығы, экологиялық қауіпсіздік талаптары, қоршаған ортаны таза ұстау және жасыл желекті сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.
Табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Тазалықты өзімізден бастайық!