
9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай Жыланды ауылдық округінде тағылымды кездесу ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ардагерлер ұрпақтарына құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлық туралы тағылымды әңгімелер айтылып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өнегелі өмір жолы насихатталды. Кездесуге ауыл тұрғындары, жастар және оқушылар қатысып, аға буын өкілдеріне ізгі тілектерін білдірді.
Шараның басты мақсаты – Ұлы Жеңістің тарихи маңызын ұлықтап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух пен елге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды, батырлар рухы мәңгі жадымызда.