
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Жыланды ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Орталық саябақта орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен құрбандарына арналған ескерткіш аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға мәдениет үйінің қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылар қатысып, ескерткіш маңы толықтай тазартылып, айналасы абаттандырылды. Сонымен қатар, су арықтары тазаланып, аумақ ретке келтірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды сақтау, өскелең ұрпаққа өткен тарихты дәріптеу және Ұлы Отан соғысы құрбандарына құрмет көрсету болып табылады.