
Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары өткізілді.
Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ауыл аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына қатысты. Атап айтқанда, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауылдың тазалығын сақтау және тұрғындарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.
Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын табатынын және ауыл тұрғындарын тазалықты сақтауға белсенді қатысуға шақырады.