Құстарға қамқорлық – табиғатқа жанашырлық

Құстарға қамқорлық – табиғатқа жанашырлық

1 сәуір – Құстарды қорғау күніне орай “Шынжылы негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында 5-сынып оқушылары мектептің педагог-ұйымдастырушысы Асан Мәсіғұттың жетекшілігімен жылы жақтан ұшып келетін құстарға арнап ұя жасап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық көрсетуге баулу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Оқушылар өз қолдарымен жасаған ұяларды мектеп аумағына орнатып, құстарға қолайлы жағдай жасауға атсалысты.