
Наурыз мерекесіне арналған онкүндік жоспары аясында, мерекелік іс-шараларды қорытындылау мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы шеңберінде «Тазалық эстафетасы» ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында елді мекен аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар мен көшелер қоқыстан тазартылды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.
Бұл бастама тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және тазалықты сақтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.