
Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Жыланды ауылдық округіне қарасты Шынжылы ауылының Шынжылы орталау мектебінде «Ұлттық ойындар керуені» атты мектепішілік сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық ойын түрлерінен өзара бақ сынап, ептілік пен шеберліктерін көрсетті. Сайыс ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, оқушылардың қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, тиісті марапаттарға ие болды.