
18 наурыз – Ұлттық киім күні
Бүгін елімізде Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күні атап өтілуде. Бұл күн – халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды мереке.
Ұлттық киім – тек тұрмыстық бұйым емес, ол ата-бабамыздан жеткен асыл мұра, ұлттық код пен рухани болмысымыздың айнасы. Қазақтың ою-өрнекпен әсемделген камзолдары мен шапандары, тақиялары мен бөріктері бүгінгі таңда заманауи сәнмен үйлесім тауып, ұлттық нақыштың жаңаша көрінісін қалыптастыруда.
Аталған мереке аясында ұлттық киімді дәріптеу, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану арқылы төл мәдениетімізді сақтау мен дамыту – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Ұлттық киім – ұлттың айбыны, сұлулық пен тектіліктің символы.