«Ауызашар – шүкіршілік дастарханы» мәдени кеші өтті.

«Ауызашар – шүкіршілік дастарханы» мәдени кеші өтті.

Жыланды ауылдық мәдениет үйінде жыл бойы мәдени шараларға белсене атсалысып жүрген үйірме қатысушыларына арнап «Ауызашар – шүкіршілік дастарханы» ұйымдастырылып, ауызашар берілді. Іс-шараның басты мақсаты – өнер мен мәдениет жолында белсенділік танытып жүрген қатысушыларға ризашылық білдіру, бірлік пен бауырмалдықты нығайту болды.

Кеш барысында үйірме мүшелеріне алғыс айтылып, олардың еңбегі мен белсенділігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.