
Жыланды ауылдық округі бойынша Жыланды ауылындағы «Нұр-ай» мейрамханасында Рамазан айына орай «Рамазан нұры – Ана жүрегі» атты ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Іс-шара ауыл әкімшілігі, мәдениет қызметкерлері және ауыл азаматтарының демеушілігімен өткізілді.
Кеш барысында округтің ардақты аналарына құрмет көрсетіліп, ән-шашу мен жылы лебіздер арналды. Жиын барысында Жыланды ауылдық округінің әкімі Максут Асқарбекұлы сөз сөйлеп, аналардың қоғамдағы және отбасы тәрбиесіндегі ерекше рөлін атап өтіп, барша аналарға алғысын білдірді. Сонымен қатар ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы да ізгі тілегін жеткізіп, аналардың еңбегіне құрмет көрсетіп, батасын берді.