Білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік кездесу.

Білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік кездесу.

Жыланды лицей-интернатымызбен жасалған меморандум аясында серіктестік байланыс орнатқан Омар Молдағожин атындағы орта мектептің басшысы мен педагогикалық ұжымы білім ордамызға арнайы іссапармен келіп, ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі білім беру ұйымы арасындағы өзара тәжірибе алмасу, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және алдағы кезеңге арналған ортақ жоспарлар жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, әріптестік байланысты нығайту, оқушылардың білім және тәрбие бағытындағы жетістіктерін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған кездесу білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Ынтымақтастық байланысымыз алдағы уақытта да табысты жалғасын табады деп сенім білдіреміз.