
Шынжылы негізгі орта мектебінде «Жас маман START» жас мамандар апталығының салтанатты ашылуы өтті. Аталған апталықтың негізгі мақсаты – жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу, шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу.
Іс-шара барысында апталықтың жұмыс жоспары таныстырылып, алдағы күндерге жоспарланған жұмыстар мазмұны баяндалды. Сонымен қатар түрлі әдіс-тәсілдер мен танымдық ойындар ұйымдастырылып, жас мамандар өзара тәжірибе алмасып, белсенділік танытты.
Апталыққа қатысқан жас мамандар:
– Биология және химия пәнінің мұғалімі – Мұратхан Аружан;
– Бастауыш сынып мұғалімдері – Тоғанбаева Ақнұр, Жұмагелді Ақбота.
Аталған апталық жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, педагогикалық шеберліктерін шыңдауға бағытталған маңызды алаң болмақ.