
Су тасқынының алдын алу және төтенше жағдайлардың қауіпін азайту мақсатында Жыланды ауылдық округінде бірқатар алдын алу шаралары жүргізілуде.
Аталған шаралар аясында су өткізу арналары мен арық тазартылып, қардың жиналуына және еріген судың кедергісіз ағуына жағдай жасау жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, су басу қаупі бар аумақтар анықталып, олар тұрақты бақылауға алынды.
Тиісті мекемелермен бірлесіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен әрекет ету алгоритмдері жеткізілді. Қажет болған жағдайда жедел әрекет ету үшін жауапты тұлғалар бекітіліп, материалдық-техникалық дайындық деңгейі пысықталды.
Атқарылып жатқан алдын алу шаралары су тасқынының алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және бұл жұмыстар бақылауда болады.