
Қабанбай ауылындағы №2 мектеп — Омар Молдағожин атындағы орта мектептің басшысы мен мұғалімдерінен құралған делегация Жыланды мамандандырылған лицей-интернатына арнайы іссапармен келді. Кездесу барысында екі білім ордасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты — тәжірибе алмасу, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту.
Алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және өзара тәжірибе бөлісу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Осындай серіктестік байланыс екі тарап үшін де тиімді әрі нәтижелі болады деп сенеміз.